A+ A A-

talgatzhan 0 25-07-2025, 15:00 0

Риддердегі қаңғырған иттер саны азайды ма?

ШҚО / Риддер / Бүгін

Осы сұраққа жуықта облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Нығметжанов жауап берді. Тақырып тұтас эпизоотия мәселесін қамтыған еді. Соған байланысты алдымен ірі қараға жұғатын ауру түрлеріне де тоқталды. Жауапты тұлға баяндамасын оқып болған соң журналистер қойған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұндай жағдай тек кеншілер қаласы емес, Самар ауданында да өзекті. Бірақ түйткіл тез шешіліп жатқан жоқ. Ал Риддерді алсақ, жиын сайын айтылады осы тақырып. «Риддер Вет» мекемесі өкілдері осыдан алты ай бұрын әр иттің соңынан қуу мүмкін емес, оған қоса оны аулауға жауаптылардың алпысты алқымдаған егде жастағы адамдар екені белгілі болды. Одан қалса, қаңғырған ит-мысықты уақытша ұстауға арналған панажай салу қажеттілігі тұрғандығы да өз алдына мәселе. Бұл туралы Рамиль Нығметжанұлы не дейді?
– Қазір ондағы эпизоотиялық жағдай тұрақты. Негізі облыс бойынша қауіпті аурулардың бірі – брюцеллез. Мәселен биылғы жартыжылдықты өткен жылғымен салыстырсақ, дерт жұқтыру 25 пайызға төмендеді. Атқарылған жұмыстар оң нәтиже бергенін көреміз. Ал Риддердегі мал қаны таза. Бір жағынан төрт түлік саны да көп емес. Сосын ол жағдай қаңғырған иттерді уақытша ұстайтын орын салу қажет деген ұсыныс та айтылды. Бұл да едәуір өзекті мәселе. Тіпті бөлек бір баспасөз конференциясын өткізген дұрыс сияқты. Айтарым, ондай панажайлардың салынғаны дұрыс. Өйткені, қараусыз жүрген ит көп. Заң бойынша оларды атуға болмайды, тек аулап шектеледі. Сосын оны тіркеу керек, екпе салады. Жұмысы көп. Бірақ соған қарамастан тиісті шара уақтылы атқарылып жатыр. Қазіргі уақытта аулау қызметі зооқорғаушылармен бірлесе әрекет етуге көшті. Мәселен, бізге көшеде ит жүр деген ақпарат түссе, зооқорғаушылар іске кіріседі. Олар сол жерге өздері барып, аулап, панажайға апарып қамайды. «Өскемен Вет» мекемесімен екеуара келісімшарт бар. Облыс орталығында сондай алты-жеті тиісті орын бар. Әкелінген иттер толықтай тіркеледі, базадағы мәлімет бізге де көрінеді. Ұрғашы иттерді стерильдейді. Жалпы, айтқанда Риддердегі қаңғырған иттер саны біртіндеп азайып келеді. Өскеменді алсақ, шілде айының өзінде 190 ит ауланды. Барлығы панажайда, – деді басқарма басшысы.
Әділхан ЕСІМХАНОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив