A+ A A-

talgatzhan 4 2-09-2024, 12:08 0

ШҚО-да биыл 800-ге жуық адам банкроттыққа өтініш берген

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 790 адам банкроттыққа өтініш берген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне биыл соттан тыс банкроттық туралы 790 адамнан өтініш келіп түсті. Оның 54-і банкрот деп танылған.

«2023 жылғы наурыз айында қабылданған «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң күшіне енген болатын. Жеке тұлғалардың банкроттығының өтініш беру рәсімі соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сияқты  үш түрге бөлінеді. Барлық үш процедураны  тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ», - дейді департаменттің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова.

Заң қабылданған уақыттан бастап өңір бойынша соттан тыс банкроттық туралы 1927 адам өтініш берген. Оның ішіндегі 420 адам банкрот деп танылды.

«Егер борыш сомасы 5,9 млн теңгеден аспаса, жеке мүлігі болмаса және өтініш берген күннен бастап қатарынан 12 ай ішінде міндеттемелері өтелмеген болса соттан тыс банкроттық рәсім банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылады. Сот банкроттығы борышкердің мүлкін өткізу мүмкіндігімен 5,9 млн теңгеден астам борыштар кезінде қолданылады. Төлем қабілеттілігін арттыру табысы бар азаматтарға қарыздарын 5 жылға дейін қайта құрылымдауға мүмкіндік беріледі, - дейді Сайран Уалибекова.

Айта кетейік, азаматтар банкроттыққа электрондық үкімет порталы арқылы (eGov.kz.), e-salyq azamat немесе eGov мобильді қосымшаларында өтініш бере алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив