Жеңіл атлетиканың бірнеше түрінен ел намысын қорғап жүрген Фаина Мейрманова Х Азия-Тынық мұхиты ойындарында үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айта кетейік, Фаина мұның алдында шілдеде Тайбэй қаласында өткен Әлем чемпионатында сурдо жеңіл атлетика бойынша топ жарған болатын. Бірақ ол кезде 1,76 метр биіктікке секіріп, оза шапты.
Бұл жолы ұзындыққа секіруде бағын сынап көрді. Куала-Лумпур қаласында Фаина Мейрманова 5 м 55 см-ге секіріп, алтын медальға ие болды. Бұл ғана емес, жерлесіміз Х Азия-Тынық мұхиты ойындарында өзінің жеке рекордын орнатты.
Пікірлер