A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:15 0

Глубокое ауданында мас күйде мотоцикл тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Бүгін / Глубокое

Глубокое кентін патрульдеу барысында тәрітп сақшылары «Racer RC 250» маркалы мотоциклді тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құжаттарды тексеру кезінде 35 жастағы ер адамның 2022 жылдың қазан айында Глубокое аудандық сотының шешімімен 10 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
- Алайда ол сот шешімін елемей, қайтадан рөлге отырған. Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің ауыр дәрежеде масаң күйде болғаны белгілі болды. Қазір мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды. Ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив