A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 09:50 0

ШҚО-да аптап ыстыққа байланысты улы жыландар көбейді

Бүгін / ШҚО

Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын түсіндіруде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

30 мамыр күні Қарабұйрат орманшылығы маңында орналасқан Теректі және Некрасовка ауылдарында инспекторлар жергілікті тұрғындармен кездесіп, жыланға қатысты сақтық ережелерін түсіндірді.
Мамандардың айтуынша, тұрғындар оған жақындамауы, ұстауға немесе өлтіруге әрекет жасамауы керек. Сондай-ақ бауырымен жорғалаушыларды байқаған жағдайда балаларды қауіпсіз жерге дереу алып кету қажет.
Инспекторлардың сөзінше, мұндай түсіндіру жұмыстарының мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив