Бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен шаһар басшысы Алмат Ақышов қалаға жаңадан жеткізілген трамвайларды көріп, техникалық жағдайымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалаға Беларусиядағы зауыттан шығарылған соңғы үлгідегі тағы үш жаңа трамвай әкелінді. Өскемен қалалық трамвай паркінің директоры Денис Федченконың айтуынша, жаңа вагондар жолаушыларға қолайлы әрі заманауи талаптарға толық сай келеді.
– Бұл – соңғы үлгідегі трамвайлар. Олар кондиционермен, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандуспен және өзге де заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Трамвай паркін жаңарту бағдарламасы аясында 2022 жылы 22 трамвай, 2025 жылы 3 трамвай және биыл тағы 3 вагон жеткізілді, – деді Денис Федченко.
Жаңа трамвайлар барлық қажетті техникалық сынақтан өткен соң келесі аптада жолаушылар тасымалына шығарылады.
Пікірлер