Қаладағы түзеу мекемесіне телефон өткізбек болған ер адам жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел бөлім қызметкерлері мен №17 мекеме қызметкерлері колония аумағына жақын жерде негізгі қоршау арқылы зат лақтырмақ болған жас жігітті қолға түсірген.
Жеке тінту барысында оның жанынан мұқият оралған бірнеше түйіншегі бар пакет табылды. Тексеру кезінде ішінен түрлі маркадағы 15 ұялы телефон шыққан. Арасында Samsung, Redmi, Huawei, Oppo және iPhone смартфондары.
Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген құрылғылардың барлығы бір сотталған адамға жеткізілуі тиіс болған.
Департамент мәліметінше, ұялы телефондар түзеу мекемелерінде ең көп өткізілмек болатын тыйым салынған заттар қатарына жатады. Олар арқылы сотталғандар сыртқы ортамен байланыс орнатып, белгіленген тәртіпті бұзуы мүмкін.
Бүгін де барлық құрылғы тәркіленді. Оқиғаға қатысты материалдар жиналып, кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.
Пікірлер