A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:55 0

Риддерде орманға барғандарға айыппұл салынады

Бүгін / Риддер

Қалада өрт қаупінің жоғарылауына байланысты орман алқаптарына уақытша баруға болмайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Риддер орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мәліметінше, 6 маусымнан бастап қала ормандарында ауа райы жағдайына байланысты өрт қаупі (IV клас) жоғарылған..
Осыған байланысты тұрғындарға орманға кіруге тыйым салынып отыр. Шектеу жауын-шашын жауғанша сақталады.
Мамандар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырып, белгіленген тыйымды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Заң талаптарын орындамаған жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 43 250 теңге айыппұл салынады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив