13 маусым күні «Бірге жақсылық жасайық» еріктілер ұйымының қайырымдылық бөлімінде ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, іс-шара барысында көмекке мұқтаж тұрғындар мен олардың жақындары қажетті заттарды тегін ала алады.
Келушілерге киім-кешек, аяқ киім, балаларға арналған заттар, тоқыма бұйымдар мен күнделікті тұрмысқа қажетті басқа да заттар ұсынылады.
Ашық есік Карбышев көшесі, 54 мекенжайында орналасқан «Мирный» базарындағы «Бірге жақсылық жасайық» бөлімінде өтеді.
Пікірлер