A+ A A-

talgatzhan 3 Бүгін, 15:00 0

Жыл басынан бері «111» байланыс орталығына 31 мыңнан аса азамат жүгінді

Бүгін / Республика

2026 жылдың алғашқы бес айында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының «111» қызметіне 31 мыңнан астам өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Өтініштердің басым бөлігі, нақтырақ айтқанда 29 293 өтініш QR «111» арқылы жазбаша хабарлама түрінде түскен. Сонымен қатар, 1 744 азамат «111» қысқа нөміріне қоңырау шалған. Тақырыптық өтініштердің ішінде психоэмоционалдық жағдай, қарым-қатынас мәселелері, білім беру, буллинг және қатыгездік көрсету мәселелері жиі көтерілген, — делінген хабарламада.

Әрбір өтініш мамандар тарапынан жеке қаралады. Кейін Балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл институтының және өңірлік өкілдердің үйлестіруімен мемлекеттік органдар мен тиісті қызметтердің қатысуы арқылы балаларға қажетті кешенді көмек пен қолдау көрсетіледі.

1414 Бірыңғай байланыс орталығының «111» қызметінің жұмысы күрделі өмірлік жағдайларды дер кезінде анықтауға, балаларға көмек көрсетуге және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесуге мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив