Жоба 40 гектар аумақта рекреациялық және туристік аймақты дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Эко-парк табиғи ландшафтты сақтай отырып, тұрғындар мен туристердің демалысына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Жоба аясында ұзындығы 3,155 шақырым болатын терренкур салынып, балалар және спорт алаңдары, эко-стильдегі демалыс орындары орнатылады.
Қазір жобаны қаржыландыру мәселелері шешілуде. Эко-паркті іске асыруға 150 миллион теңге бағыттау жоспарланған.
Айта кету керек, жаңа демалыс аймағы бір мезетте 2 мыңнан астам келушіні қабылдай алады.
Жобаны 2026 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау көзделген.
Пікірлер