Бұл туралы Өскеменде жиында аудан әкімі Эльдар Тумашинов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, биыл аудандық бюджеттен ауданның 11 елдімекеніндегі автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге 180,1 миллион теңге қарастырылған.
– 2026 жылға аудандық бюджеттен ауданның 11 елді мекенінде жолдарды ағымдағы жөндеуге 180,1 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар ауданның төрт ауылындағы бес көпірді жөндеу жоспарланып отыр, – деді ол.
Атап айтқанда, Перевальное, Прогресс және тағы екі ауылда орналасқан бес көпірді жөндеуге аудандық бюджеттен 86 миллион теңге қарастырылған.
Жергілікті билік мәліметінше, жолдар мен көпірлерді жөндеу көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және елдімекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.
Пікірлер