Оқиға Белоусовка ауылының маңында, бұрынғы кен өндіру нысанының солтүстік-батыс желдеткіш шахтасы аймағында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жердің опырылуы туралы ақпарат 8 маусымда түсті.
Алдын ала деректер бойынша опырылған аумақтың көлемі — шамамен 30 шаршы метр.
Тексеру қорытындысы бойынша тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданады.
Қазір қауіпті аумақ толық қоршалып, бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған. Нысан күзеті күшейтіліп, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тәулік бойы бақылау ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Белоусовка маңында ескі кен орындары мен жабылған шахталардың болуына байланысты жердің опырылуы бұған дейін де бірнеше рет тіркелген.
Пікірлер