A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 15:00 0

Қазақстанда тозығы жеткен үйлерді жөндеуге бюджеттен несие берілмек

Бүгін / Республика

Бұл туралы вице-премьер-министр Қанат Бозымбаев депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджеттің бөлігі ретінде көпқабатты үйлерді жөндеу және лифттерді ауыстыру үшін қосымша 20,7 млрд теңге бюджеттік несие бөлетіні хабарланды.

Қаражат кондоминиумдардағы ортақ мүлікті қалпына келтірудің шұғыл қажеттіліктерін жабуға жұмсалады:

құрылымдарының, шатырларының және коммуналдық жүйелерінің физикалық тозуы жоғары 368 көпқабатты үйді күрделі жөндеу;
198 апаттық лифтіні толық жаңғырту және ауыстыру.
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 521 көпқабатты үйді күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 27,2 млрд теңге бөлінді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив