A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:00 0

Алдағы үш күнде ел аумағында циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМҚ 25–27 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Республика аумағындағы ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі, желдің екпінді күшеюі және шаңды дауылдар күтіледі, — делінген хабарламада.

25 маусымда еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде, 25–26 маусымда шығысында, 26–27 маусымда батысы мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанады.

Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде аптап ыстықтың бәсеңдеуі күтіледі, күндізгі ауа температурасы +23…+28°С-қа дейін төмендейді.

Алайда Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріне Ашхабад маңынан құрғақ әрі жылы ауа массаларының келуі жалғасады. Соның әсерінен бұл өңірлерде ауа температурасы +33…+38°С шамасында сақталып, жекелеген аудандарда өте қатты ыстық +40…+42°С-қа дейін жетеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив