A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 17:10 0

Өскеменде «Құқықтық дәріхана» республикалық акциясы өтті

Бүгін / Өскемен

Іс-шараға ШҚО прокуратурасы мен Өскемен қалалық прокуратурасының қызметкерлері, Әділет департаментінің мамандары, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Акция облыс орталығындағы ірі сауда орталықтарында және С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да ұйымдастырылды.
Өскемен қалалық прокуратурасының аға прокуроры Ильдар Итекбаевтың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға құқықтық кеңес беру және заң талаптарын түсіндіру.
–  Бүгін прокуратура, әділет органдары, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және құқық қорғау органдарының қатысуымен республикалық «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Біз тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және азаматтарды толғандырған құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруді көздейміз. Сонымен қатар халыққа алаяқтықтың алдын алу жолдары мен сақтық шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деді ол .
Акция барысында тұрғындар заңнамаға қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, құқықтық көмекке жүгіну тәртібі жөнінде ақпарат алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив