Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кадастрлық құны 20 млн теңгеден асатын, жалпы ауданы 4 мың гектардан астам аталған жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Самар ауданының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан, заңсыз берілген жер учаскелерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүйелі жұмыс істеп жатыр.
- Заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау барысында бірқатар жер пайдаланушының заңнама талаптарын бұза отырып, жалпы саны 20 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы нысаналы тағайындалуы бойынша пайдаланбағаны анықталды. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кадастрлық құны 20 млн теңгеден асатын, жалпы ауданы 4 мың гектардан астам аталған жер мемлекет меншігіне қайтарылды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ аудан прокуратурасы міндетті сауда-саттықты (аукционды) өткізбестен, коммерциялық жер учаскесін заңсыз беру фактісін анықтады.
- Атап айтқанда, Самар ауылдық округі әкімінің өкімімен жеке тұлғаға Самар ауылындағы жол бойындағы сервис объектілеріне (дүкен, дәмхана, қонақ үй кешені, электромобильдерге арналған ЖҚС) арналған ауданы 0,50 га учаске 3 жылға уақытша пайдалануға берілген. Аудан прокуратурасы әкімдіктің мекенжайына заң бұзуды жою туралы ұсыну енгізді. Нәтижесінде, жергілікті атқарушы органның талап арызы бойынша Самар аудандық сотының заңды күшіне енген шешімімен нарықтық құны 2 млн теңгеден асатын осы коммерциялық учаске мемлекетке толығымен қайтарылды, - делінген хабарламада.
Пікірлер