A+ A A-

talgatzhan 4 Бүгін, 10:20 0

Жалақы – 110 000 теңге: Өскеменде «Жасыл ел» жасағына қабылдау жалғасып жатыр

Бүгін / Өскемен

Қатысушылардың жасы 14 пен 35 жас аралығында болуы тиіс, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әкімдік ақпаратынша, құжаттарды көрсетілген мекенжай бойынша тапсыруға болады. Егер қатысушы 18 жасқа толмаған болса, ата-анасының немесе заңды өкілінің бірі келіп, қажетті құжаттарға қол қоюы қажет.

Тапсырылатын құжаттар:
* 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
* 3×4 көлеміндегі фотосурет;
* жеке куәліктің көшірмесі;
* Kaspi Bank шотының нөмірі;
* ForteBank шотының нөмірі;
* eGov порталынан алынған наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар.

Жұмыс туралы ақпарат:

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында жастар ағаш отырғызу, көгалдандыру және аумақтарды абаттандыру жұмыстарына қатысады.

1) Жұмыс уақыты: 08:00–15:00
2) Жұмыс ұзақтығы: күніне 7–8 сағат
3) Жалақы: 110 000 теңге
4) Арнайы жұмыс киімі толықтай беріледі.

– Назар аударыңыз! «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша бір қатысушы үш айлық маусым ішінде тек бір айға ғана жұмысқа орналаса алады, – делінген мәліметте.

Мекенжай: Өскемен қаласы, Жібек жолы көшесі, 3, Community Center.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив