A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 12:00 0

Қазақстанда 3 мың әскери міндетті оқу-жаттығу жиындарына шақырылады

Бүгін / Республика

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда биыл жоспарлы оқу-жаттығу жиындарына 3 мың запастағы әскери міндетті тартылады.
Жиындар резервтегі әскери міндеттілердің даярлық деңгейін жетілдіруге, практикалық дағдыларын жаңартуға, заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеруге және Қарулы күштердің жұмылдыру дайындығын арттыруға бағытталған.

Әскери міндеттілер жергілікті әскери басқару органдары арқылы армияның қажеттілігіне сәйкес іріктеледі. Бұл ретте олардың әскери мамандығы, денсаулық жағдайы және заңнамада белгіленген талаптар ескеріледі.

Оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін азаматтарға арнайы шақырту жіберіледі. Белгіленген мерзімде келмегендерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Жаттығу бір айға дейін жалғасады. Осы кезеңде қатысушылар азық-түлікпен, киім-кешекпен, медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі, ал жол шығынын Қорғаныс министрлігі өтейді. Сонымен қатар жұмыс істейтін азаматтардың жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады, ал жұмыссыздарға бюджет есебінен ең төменгі жалақы төленеді.

Жоспарлы оқу-жаттығу жиындары елдің жұмылдыру резервін даярлау мақсатында өткізіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив