A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 10:05 0

Қабанбай батыр ескерткішінің маңы абаттандырылып жатыр

Бүгін / Өскемен

Өскеменнің кіреберісінде тұрған ескерткіш маңайы енді жасыл желекке оранбақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жұмыстарды қала саябақтарына жауапты ШҚО Сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафт мұражай-қорығы қызметкерлері жүргізіп жатыр.

– Біздің қызметкерлер Қабанбай батыр ескерткішінің айналасын абаттандыруды жалғастыруда. Гүл көшеттері, петуниялар, герань және бархат гүлдері құмыраларға отырғызылды. Тазалау және ретке келтіру жұмыстары да жүргізілуде, – деді мұражай-қорық өкілдері. 

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қалалық гүлзарларды жалпы суару кешкі сағат 20:00-ден таңғы 05:00-ге дейін жүзеге асырылады.

– Бұл кесте топырақ ылғалдылығын барынша тиімді қамтамасыз етеді және өсімдіктердің сақталуына сеп болады. Жұмыстар қала бойынша 20-дан астам жерде бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, – деді бөлім мамандары.

Фото: inbusiness.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив