A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:40 0

Өскеменде жол жөндеу жалғасуда

Бүгін / Өскемен

Жөндеу жұмыстары Назарбаев даңғылы мен Гагарин Бульварында жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Назарбаев даңғылында жол беті біртіндеп, бөліктер бойынша жөнделіп жатыр. Қазір Металлургтер мәдениет сарайы маңындағы бөліктен ескі асфальт алынып тасталды. Гагарин Бульварында да қызу жұмыс жүріп жатыр. 

– Жөнделіп жатқан бөліктің жалпы ауданы 24 000 шаршы метр. Бүгінге дейін шамамен 11 000 шаршы метр ескі асфальт-бетон жабыны фрезерленді. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін учаскеге уақытша жол белгілері орнатылды. Жұмысты күн сайын барлығы 10 адамнан тұратын екі мамандандырылған бригада жүргізуде, – деп хабарлады қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив