A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:00 0

Қазақстан паспорты жаңа дизайнмен шығады

Бүгін / Республика

Жаңа үлгідегі паспортты мерзімінен бұрын ауыстырудың қажеті жоқ. Оны қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін пайдалана беруге болады. Жаңа паспорттар тек ескісінің мерзімі өткенде, ол бүлінгенде немесе азаматтың өз қалауы бойынша ғана беріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл ретте ведомство жұмыстың қашан аяқталатынын әлі нақтылаған жоқ, сондай-ақ құжаттың эскиздері де жарияланбады.

Аталған жұмыстардың аяқталуы және соңғы дизайнның бекітілуі туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға белгіленген тәртіппен жеткізіледі. Әзірлеудің қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы азаматы паспортының жаңа дизайнының эскиздерін немесе макеттерін ұсыну мүмкін емес, себебі құжаттың түпкілікті дизайны әлі бекітілген жоқ, - деп хабарлады ІІМ.

Ведомство азаматтарды жалған қауесеттерге сенбеуге және тек тексерілген дереккөздерден ресми ақпарат күтуге шақырды.

Еске сала кетейік, 2026 жылы паспортты рәсімдеу құны өзгермейді. Биылғы жылы мемлекеттік баж салығының мөлшері келесідей болды:

Ересектер үшін: 36 бетке - 34 600 теңге (8 АЕК), 48 бетке - 51 900 теңге (12 АЕК);

16 жасқа дейінгі балалар үшін: 17 300 теңге (4 АЕК).

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив