Қала тұрғындары қолжетімді бағада ет, сүт, сары май, нан өнімдерін, бал және тағы басқасын сатып ала алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жәрмеңкелер 4 шілдеде 8:00-ден 15:00-ге дейін Жібек Жолы көшесі, 44 мекенжайындағы «Алтай» көтерме және бөлшек сауда орталығы аумағында және Виноградов көшесі, 17а мекенжайындағы «ДосНар» сауда орталығы маңында ұйымдастырылады.
Пікірлер