A+ A A-

talgatzhan 41 Кеше, 12:20 0

«Таза Өскемен» мекемесінің бұрынғы басшысына үкім шықты

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Өскеменде бірінші сатыдағы сот «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы басшысы Асхат Тәженовті 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Онымен бірге айыпталушылар орнында «Таза Өскемен» кәсіпорны директорының бұрынғы орынбасары Ардақ Әбділдинов пен «Евро Торг» ЖК басшысы, кәсіпкер Игорь Федосов та болды.

Сот мәліметінше, олар жалған келісімшарт жасау арқылы бюджет қаражатын заңсыз иемденген. Кәсіпорын кәсіпкерге қарасты компаниялармен іс жүзінде орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген тауарларға қатысты жалған келісімшарпт рәсімдеп, соның негізінде бюджеттен ақша аударған. Кейін сол қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөліскен. 

Барлығы 9 жалған келісімшарт жасалып, мемлекетке 61 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. 

Сот барысында олар кінәсін мойындамай, ақтап шығаруды сұраған. Алайда сот олардың әрекетін аса ірі көлемдегі алаяқтық деп танып, Асхат Тәженовті 6 жылға, Ардақ Әбділдиновті 5 жыл 6 айға және Игорь Федосовты 5 жылға бас бостандығынан айырды. 

Сондай-ақ Асхат Тәженов пен Ардақ Әбділдинов өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет ету құқығынан айырылды. Ал кәсіпкер Игорь Федосовқа жазасын өтегеннен кейін 5 жыл бойы мемлекеттік сатып алуға қатысты кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив