A+ A A-

talgatzhan 25 Бүгін, 13:10 0

Глубокое ауданында жаңа туған сәбиге домбыра сыйлады

Бүгін / Глубокое

Бүгін Глубокое ауданындағы Достық үйінің қызметкерлері дүниеге келген нәресте Аянаға қасиетті қазақтың ұлттық мұрасы – домбыраны сыйға тартты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Домбыра – қазақ халқының рухани қазынасының, ұлттық салт-дәстүрі мен мәдениетінің айшықты белгісі. 

- Бұл сый Аянаның жүрегінде туған елге деген сүйіспеншілікті, ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастырып, өмір жолына шуақ пен шабыт сыйласын. Аянаға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, ата-анасының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп, елінің мақтанышы болып өсуіне шын жүректен тілектеспіз, - деді Достық үйінің өкілдері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив