Риддер қаласындағы жылу электр орталығын жөндеуге Үкімет ререзвінен 1,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
2022 жылдың күзінде тоқтап қалған Риддер жылыту электр орталығының тозу деңгейі қазір бір жарым есеге, яғни 75 пайыздан 43 пайызға төмендеді. Станция жұмысын реттеуге Үкімет резервінен 1,7 млрд теңге бөлінді. Қазір мұнда қос қазандық пен қосымша агрегаттар жөнделіп жатыр.
Мамандардың айтуынша, бұдан былай жылу электр орталығына мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Енді оны иесі жүргізеді. Қазір облыстағы Өскемен және Согра станциялары да жөнделіп жатыр.
Сонымен қатар биыл облыста 44,7 км жылу желілеріне ағымдағы жұмыстар жүргізу жоспарланған. Барлық станция бойынша жөндеу жұмыстары жылыту маусымына дейін аяқталуы тиіс. Риддердегі №5 қазандық тамыз, ал №6 қазандық қыркүйек айының соңына қарай іске қосылады.
Пікірлер