A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:50 0

Риддер тұрғыны өзен маңынан револьвер тауып алды

Бүгін / Риддер

Қала тұрғыны өзен маңынан ескі қару тауып алып, тәртіп сақшыларына тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Громотуха өзені маңынан табылған қару револьвер екен. 43 жастағы тұрғын сол маңда серуендеп жүріп, XIX ғасырдағы сирек қару тауып алыпты. Департамент мәліметінше, ер адам тапқан қару жай темір емес, ғасырлық тарихы бар раритетті зат.
– Қарудың кез келген түрін тіркеусіз сақтау заң бұзушылық екенін түсінген қала тұрғыны табылған затты өзінде қалдырмады. Ер адам дереу Риддер қалалық полиция бөліміне хабарласып, заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру бойынша республикалық акция аясында затты полиция қызметкерлеріне табыс етті, – делінген ақпаратта.
Жедел-криминалистикалық басқарма мамандары зерттеу жүргізіп, атыс қаруының 8 мм калибрлі Лефоше жүйесіндегі револьвер екенін анықталды. Сөйтсе, Лефоше жүйесіндегі револьверлер – XIX ғасырдың соңындағы аңызға айналған қару екен.
– Штаттық оқ-дәрілердің жоқтығына байланысты оның атысқа жарамдылығын анықтау мүмкін болмады. Бірақ сарапшылар заттың зауыттық шығу тегін мен тарихи құндылығын растады. Бұл табылған құнды затты құқық қорғау органдарына дер кезінде өткізудің сирек жағдайы, – дедіі криминалистер.
Қазір бұл жәдігер есепке алынған көрінеді. Ал Полиция департаменті өкілдері заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыру азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босататынын тағы бір еске салды.

Асыл АЙТБАЕВ
Фото: ШҚО ПД

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив