A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 10:45 0

Глубокое ауданында өрттен ерлі-зайыпты көз жұмды

Бүгін / Глубокое

Глубокое ауданының Уварово ауылында өрттен ерлі-зайыпты қаза болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жеке тұрғын үй өртенген. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 1948 жылы туған үй иесі үйден өз бетінше шығып үлгерген, алайда түтінге уланып қалған.

– Оқиға орнына келген Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері реанимациялық шаралар өткізді, бірақ ер адамды құтқару мүмкін болмады. Өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері 1953 жылы туған үй иесінің әйелінің денесін тапты, – дейді өрт сөндірушілер.

Өрт 80 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қаза болған зейнеткерлер ата-анасынан айырылған 19 және 17 жастағы екі немересін тәрбиелеп отырған. Өрт кезінде бойжеткендер үйде болмаған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив