Облыс орталығындағы косметика дүкендерінде екі ұрлық дерегі анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, келтірілген жалпы шығын көлемі - 100 мың теңгеге жуық.
— Сауда нүктелерінің бірінің өкілі полицияға тауардың жоғалғаны туралы арызданды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамның ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. Ол сауда залында жүріп, тауарлардың қолжетімділігін пайдаланып, күтім жасауға арналған бірнеше косметикалық құралды жасырын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 46 мың теңгеден асты. Сол күні осыған ұқсас тағы бір жағдай тіркелді. Қаланың 38 жастағы тұрғыны дүкен сөресінен бірнеше косметикалық затты ұрлағаны анықталды. Келтірілген шығын 48 мың теңгеге бағаланды, - делінген ресми мәліметте.
Қазір аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Пікірлер