ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, Глубокое ауданында егде жастағы азаматқа қатысты жасалған қылмыстық әрекет ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тергеу мәліметі бойынша кешкі уақытта 73 жастағы жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне белгісіз біреу заңсыз кіріп кеткен. Қылмыскер ашық тұрған терезе арқылы кіріп, жәбірленушіден ақша талап еткен.
Қарт әйел 32 мың теңгесін беруге мәжбүр болды. Ер адам ақшаны алған соң үйдегі басқа да заттарды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалады.
Жәбірленушінің нақты сипаттамасының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні жедел анықтап, қолға түсірді.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Пікірлер