A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:40 0

Өскеменде жағажай маңында ұрлық жасаған ер адам ұсталды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Облыс орталығының полицейлері қалалық жағажайда жасалған бірнеше ұрлық фактісін ашты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, күдікті демалушылардың заттарын қараусыз қалдырған сәтін пайдаланып, жағажайдан сөмкені ұрлап кеткен. 

- Оның ішінде iPhone 14 Plus ұялы телефоны мен Toyota Land Cruiser Prado көлігінің кілттері болған.Кейін ол кілт арқылы көлікке кіріп, салоннан ішінде iPhone 14 Pro ұялы телефоны болған сөмкені алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 410 мың теңгені құрады, - делінген мәліметте. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив