A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 09:05 0

Бұқтырма су қоймасында қайығы аударылған зейнеткерді құтқарушылар аман алып қалды

Бүгін / Алтай

Алтай қаласы маңындағы Бұқтырма су қоймасында қайықпен суға шыққан зейнеткердің өміріне қауіп төнді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Кенет жел күшейіп, қайық аударылған. Ер адам суға құлап, көмекке мұқтаж болды.

Оқиға орнына жақын маңда патрульдеу жүргізіп жүрген құтқарушылар дереу жетіп, зейнеткерді судан алып шықты. Сондай-ақ қайықты жағаға шығарып, ер адамды демалыс базасына жеткізді.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.

Төтенше жағдайлар министрлігі суға шыққанда құтқару кеудешесін киіп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив