A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:50 0

Өскеменде дүкеннен құлаққап ұрлаған ер адам ұсталды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Қалалық полиция қызметкерлері сауда орталықтарының бірінде орналасқан дүкеннен мүлік ұрлады деген күдікке ілінген ер адамның жеке басын анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны ұсталды.
Полицияға дүкеннен үш құлаққаптың ұрланғаны туралы хабарлама түскен. 
Алдын ала мәліметтер бойынша белгісіз адам мүлікті жасырын түрде ұрлап, дүкен иесіне 157 495 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Тергеу барысында күдіктінің дүкенге екі рет кіргені анықталды. Алғашқы келген кезде ол мүліктің бір бөлігін ұрлап, кейін оны кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға 10 мың теңгеге сатып жіберген. Бірнеше сағаттан соң ер адам дүкенге қайта келіп, қалған мүлікті де ұрлап, оны дәл сондай сомаға сатқан.
Аталған факті бойынша ұрлық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив