Серебрянск қаласында жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын су құбыры желілерін қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жоба аясында көлемі 200 текше метр болатын жаңа су резервуарының құрылысы аяқталды. Сонымен қатар диаметрі 225 мм болатын 9 мың метрден астам жаңа су құбыры тартылып, 32 ысырма және 11 су құдығы орнатылды.
Қазір «СтальПромСнаб» ЖШС жаңа сорғы жабдықтарын орнату жұмыстарын жүргізуде. Жаңа жабдық қаланың сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асырудың негізгі мақсаты – қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, сумен жабдықтаудың сапасы мен тұрақтылығын арттыру, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау.
Пікірлер