Глубокое кентінде қоршаған ортаны қорғауға, елдімекен аумағының тазалығы мен көркейтуіне бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Игі бастамаға ұйым қызметкерлері, «Жасыл Ел» еңбек жасағының мүшелері және аудан волонтерлері белсенді қатысты. Акция барысында олар кент аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау ғана емес, тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті арттырып, туған жерге деген жанашырлық сезімін қалыптастыру. Әсіресе жастардың, волонтерлердің және еңбек ұжымдарының мұндай бастамаларға белсенді қатысуы қоғамдық жауапкершіліктің артып келе жатқанын көрсетеді.
«Таза Қазақстан» акциясы елдімекендерді таза әрі жайлы ұстауға, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Пікірлер