ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған екі бала мотоциклмен келе жатып, тұрғын үйдің жанындағы бағанаға жылқыны байлап тұрған арқанға соғылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
- Соның салдарынан мотоцикл тізгінінде отырған 13 жастағы қыз ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Ал 15 жастағы жолаушы қыз ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жеткіншектің қаза болуына байланысты Риддер қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.
- Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жылқының иесі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, - делінген ақпаратта.
Пікірлер