26 тамызда тасжолдың 98-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жол апаты Howo көлігінің қатысуымен болды. Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізуші тежегіштің істен шығуына байланысты көлікті басқара алмай қалған, нәтижесінде жүк көлігі жолдан шығып кеткен. Ал ол тасымалдап жатқан қиыршық тас шашыраған.
Полицияның мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Пікірлер