A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 10:35 0

Алтай ауданында есепші бір жыл бойы бюджеттен 10 млн теңгені өз шотына аударып отырған

Бүгін / Алтай / Қылмыс

Алтай ауданының прокуратурасы мемлекеттік мекемеде бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Алтай ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығы мен тиімділігіне жүргізген тексеру барысында «Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де жымқыру фактісін анықтады.

Есепші бір жыл бойы екі бюджеттік спецификация бойынша өз банктік есепшотына 10 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатты заңсыз аударып отырғаны әшкере болды.

Осы факт бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2 тармақшалары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

— Алтай аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлға жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі негізінде, жас баласының болуына байланысты тағайындалған жазаны орындау кейінге қалдырылды. Жымқырылған бюджет қаражаты мемлекет кірісіне қайтарылды, — делінген хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив