
Глубокое ауданындағы 9 ауылдың жолын жөндеуге 119 млрд теңге бөлінді
Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Таулы Үлбі кентінде аудан тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
5 жылдық жоспар бекітілді
Тұрғындар бірқатар мәселені көтерді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол инфрақұрылымы елдімекеннің дамуындағы маңызды фактор.
Ауданның жол желісі 446 шақырымға созылып жатыр. Өткен жылы Быструха ауылында жергілікті жолдардың үш шақырымына жуық бөлігі жөнделді. Биыл Бобровка ауылында жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 7 шақырымдық учаскенің 5 шақырымына асфальт бетон төселген. Белгілі болғандай, 9 ауылдағы жолдарды жөндеуге 119,3 миллион теңге бөлінді. Опытное поле, Перевальное және Прогресс ауылындағы төрт көпірді жөндеуге 86 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Өскемен-Риддер-Ресей шекарасы тасжолының 75 шақырымы жөнделіп жатыр. Бұл жұмысқа 3,7 миллиард теңге бөлінді. Екі учаске де жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.
Өңір басшысының сөзінше, Глубокое ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді. Оны іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылымды дамытуға, инвестицияларды тартуға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталады.
– Ауданның өзіндік кірістері маңызды мәселе болып тұр. 1 тамыздағы жағдай бойынша кірістер 3,2 миллиард теңгеге жетіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,6%-ға төмендеген. Салық базасын кеңейту, кәсіпкерлікті дамыту және жаңа салаларды тарту өте маңызды. Өнеркәсіп аудан экономикасының негізі болып қала береді. Қазір кен орындарын игеріп, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған 33,5 миллиард теңгеге үш инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Шаңғы курорты серпін алады
Әкімнің айтуынша, өнеркәсіптік кадрларды даярлауға ерекше назар аудару қажет. Болашақ мамандарға деген қажеттіліктерді анықтап, сұранысқа ие мамандықтарға оқытуды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеу туралы нұсқаулар берілді. Жылдың алғашқы жеті айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 16,6 миллиард теңгеге жетті. Аудан егін шаруашылығы бойынша аймақта жетекші орындардың бірінде. Пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін белсенді түрде қайтару, жемшөп базасын нығайту және өндіріс-өңдеу-сату тізбегін дамыту маңызды.
– Глубокое ауданы тау, экотуризм, отбасылық және спорттық туризмді дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Таулы Үлбі және Быструха ауылдарында туристік инфрақұрылым мен шаңғы курортын дамыту бойынша жобалар жүзеге асырылуда, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Аймақ басшысы инвестициялық жобаларды қолдап, туристік қызметтер сапасын жақсарту міндетін орындауды тапсырды
Бобровка ауылында 45 шақырым сумен жабдықтау желілері қайта жаңғыртылуда. Ушанов, Верхнеберезовский және Алтайдағы сумен жабдықтау жүйелерін де жаңарту жоспарланып отыр. Жылыту маусымына дайындық аясында «Теплоэнергия» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны қазандығын жөндеу аяқталуға жақын. Облыс әкімі ауданның қазандықтары мен жылу желілерін жылыту маусымы басталғанға дейін толық пайдалануға беруді тапсырды.
Қанша ауыл интернетке қосылды?
Ауданда көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтар үшін 36 пәтерлі 18 бір қабатты үй салынуда. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау тапсырылды.
Аудандағы 36 елдімекеннің 34-і интернетпен қамтылды. Облыс басшысы Малоубинка мен Ново-Михайловка ауылдарын интернетке қосуды жеделдету және көлік бағыттарын нығайтуды тапсырды.
– Ауданда 24 мұғалім жұмысқа алынған. Тапшылықты жою жұмыстары жалғасуы керек. 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған қосымша балабақша орындарын құру да маңызды, – деді ол.
Анықталғандай, аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Қатерлі ісік ауруының көбеюін ескере отырып, аурулардың алдын алу және ерте анықтауды күшейту бойынша тапсырмалар берілді. Белоусовка ауылында 150 орындық қоғамдық орталықтың құрылысы жүріп жатыр. Қазір нысанның 85%-ы аяқталды. Нұрымбет Сақтағанов оның құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы керек екенін атап өтті.
- Кездесуде тұрғындар көтерген барлық мәселелерге нақты жауаптар мен шешімдер берілуі тиіс. Жауапты лауазымды тұлғалар осы нұсқаулардың орындалуын қамтамасыз етуге және нәтижелерін бақылауға міндетті, - деп атап өтті өңір басшысы.
Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы
Руханият
Жұлдыз жорамал
Пікірлер