A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:30 0

Риддерде алимент бойынша 15,6 млн теңге берешек өндірілді

Бүгін / Риддер

Риддер қаласы прокуратурасының үйлестіруімен алимент бойынша 15 млн теңгеден астам берешек өндірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Риддер қаласының прокуратурасы алименттік міндеттемелердің орындалуына жүргізілген талдау барысында кәмелетке толмаған балаларын асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін ұзақ уақыт бойы орындамаған 19 борышкерді анықтады.

Берешектің болуына қарамастан, жеке сот орындаушысы оны өндіру бойынша тиісті шараларды қабылдамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін борышкерлермен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алимент бойынша берешек жалпы сомасы 15,6 млн теңгеге ішінара өтелді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері прокурорлық қадағалау нәтижелері бойынша балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабымен 20 қылмыстық іс сотқа жолданды.

Оның ішінде 15 қылмыстық іс бойынша соттар айыптау үкімдерін шығарды.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив