Қала көшелерінің бірінде қалдырылған самокатты теуіп, бүлдірген екі оқушы анықталды. Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық Үлбі полиция бөлімі қызметкерлері оқиғаны тексеру барысында төртінші сыныпта оқитын 10 жастағы екі баланы анықтады. Оқушылар көшеде тұрған самокатты аяқтарымен теуіп, бүлдірген.
Полиция қызметкерлері балалармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, өзгенің мүлкіне зиян келтіруге болмайтынын түсіндірді.
Ал олардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл бап кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамауға қатысты.
Полиция ата-аналарды балаларға өзгенің мүлкін құрметтеудің маңызын түсіндіріп, әр әрекеттің салдары болатынын ескертуге шақырды.
Пікірлер