A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 12:05 0

Күршім ауданында жаңа мектеп ғимараты ашылды

Бүгін / Күршім

Қыстау-Күршім негізгі орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

- Республика күні қарсаңында Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектептің ашылғанына куә болып отырмыз. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қала мен ауыл арасында білім сапасындағы айырмашылықты жою тапсырмасына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстың бір бөлігі. Ата-аналар мен мұғалімдер екі жақтап балаларымызға тәлім-тәрбие беріп, олардың келешекте тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауымыз керек. Өңір ауылдарындағы мектеп инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмысты ары қарай жалғастырамыз, - деді аймақ басшысы.

Заманауи талаптарға сай салынған ғимарат 50 оқушыға арналған. Білім ордасы бір ауысымда жұмыс істейді.

Бұған дейін мектеп оқушылары 1975 жылы пайдалануға берілген ескі ғимаратта білім алып келді. Ол 80 оқушыға есептелген болатын. Соңғы жылдары демографиялық өсімге байланысты бастауыш сыныптардағы балалар санының артуы мектеп инфрақұрылымын жаңарту қажеттігін көрсетті.

Жаңа ғимараттың іске қосылуы оқушылардың білім алуына қолайлы орта қалыптастырып, педагогтердің жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Мектепте барлығы 26 қызметкер еңбек етеді. Оның 13-і - педагог, қалған 13-і - техникалық қызметкер.

Білім ордасы электр қуатымен жұмыс істейтін жылыту жүйесімен жабдықталған.

Өңірде білім беру инфрақұрылымын дамыту, мектептердегі жағдайды жақсарту және балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік жасау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив