A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:50 0

Риддерде аш-жалаңаш отырған 4 бала отбасынан алынды

Бүгін / Риддер

Кеншілер шаһарында «Қауіпсіз үй» ведомствоаралық іс-шарасы аясында кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың тұрмыс жағдайын тексеру бойынша рейд жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында пәтерде азық-түлік пен ауыз судың жоқтығы, тұрғын үйдің санитариялық-гигиеналық жағдайы балалардың тұруы мен тәрбиеленуіне қажетті талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.

- Отбасында төрт кәмелетке толмаған бала – үш қыз және бір ұл тәрбиеленіп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша балаларды отбасынан алу туралы шешім қабылданды. Бір жасқа толмаған ең кіші бала жас ерекшелігі ескеріле отырып, қалалық ауруханаға орналастырылды. Қалған үш бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді, - делінген ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде. 

Анықталғандай, ата-анасының екеуі де жұмыс істемейді және спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланады.

Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындауына баға беру, балалардың алдағы уақытта қайда орналастырылатынын айқындау мәселелері уәкілетті органдар тарапынан заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив