A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 11:35 0

Риддерде қалың қар жауды

Бүгін / Риддер

Кеншілер шаһарында екі тәуліктің ішінде 60 сантиметрге дейін қар жауды. Бірнеше күннің ішінде қала қыс көрінісіне енді: көшелерді қар басып, коммуналдық қызметтер жолдарды тазарту үшін арнайы техникаларды іске қосты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қазан айы әлі аяқталған жоқ, алайда Риддерде нағыз қыс басталғандай. Қар жолдарды, тротуарларды, ағаштар мен тұрақта тұрған көліктерді басып қалды. Қала тұрғындары қарға оранған көшелердің көрінісін әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.

Қалың қар мектеп оқушылары үшін де таңғы жолды қиындатты. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбалардан балалардың еріген, дымқыл қар басқан жолмен келе жатқанын көруге болады. Оқушыларға мектепке дейінгі әдеттегі жолды еңсеру оңайға соқпаған. Коммуналдық қызметтердің мәліметінше, соңғы екі тәулікте қалада 60 сантиметрге дейін қар жауған.

Қалың қар жаууына байланысты коммуналдық қызметтер көшелерді тазарту жұмыстарын күшейтті. Алдымен қоғамдық көліктер жүретін жолдар тазартылып, содан кейін басқа учаскелерге кезек беріледі.

22 қазанға қараған түні қала көшелерінде 11 арнайы техника жұмыс істесе, күндіз сегіз техника жұмылдырылған.Түнгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 11 арнайы техника тартылды, ал күндіз сегіз техника жұмысқа шықты. Оның ішінде екі автогрейдер, екі тиегіш, үш трактор және бір құрама жол машинасы бар.

22 қазаннан 23 қазанға қараған түні қар тазалауға жұмылдырылатын техникалар санын көбейту жоспарланып отыр.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, қар тазалаумен айналысатын «Фирма Эталон» кәсіпорны қысқы маусымға 15 техника дайындаған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив