A+ A A-

talgatzhan 48 27-11-2024, 14:30 0

Глубокое ауданында биыл 1583 адам жұмыспен қамтылды

Бүгін / Глубокое

Ауданда биыл негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 50,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 201,5%-ға артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Евгения Литвиненконың айтуынша, ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 192,7%-ға өсіп, шамамен 24 миллиард теңгеге жетті. Бұл қаражат 130 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға бағытталған. 
- Инвестиция өсімімен қатар ауыл шаруашылығында да оң өзгерістер байқалуда. Жалпы өнім көлемі 112,6%-ға артып, 53,6 миллиард теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштің негізгі үлесі өсімдік шаруашылығына тиесілі, ол 120,3%-ға өсті,- деді Евгения Литвиненко. 
Сондай-ақ ауданда жұмыссыздық мәселесі де шешімін табуда. Биыл 1 063 жаңа жұмыс орны ашылып, 1 583 адам жұмыспен қамтылды. Ал бизнес жобаларды дамытуға 14,8 миллион теңге көлемінде гранттар беріліп, 75 адам кәсіби оқытудан өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив