A+ A A-

talgatzhan 41 5-12-2024, 15:40 0

ШҚО-да биыл көкжөтелдің 117 жағдайы тіркелді

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында ШҚО санитарлық-эпидимиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Көкжөтел – бұл бактериялық инфекция. Ол балалар арасында жиі кездеседі. Бұл ауру Bordetella pertussis бактериясынан пайда болып, тыныс алу жолдарына әсер ету арқылы ұзақ әрі қатты жөтелге айналады. 
– Көкжөтел өңір бойынша бірнеше аймақта тіркелді: Өскеменде – 94, Ұлан ауданында – 9, Глубокое ауданы – 4; Зайсан ауданы – 3; Тарбағатай және Шемонаиха аудандарында – 2 жағдайдан; Риддер қаласы, Күршім және Алтай аудандарында – 1 жағдайдан. 1 жасқа дейінгі балалардың 39-ында көкжөтел пайда болса, 1-5 жас аралығында – 68, 6-9 жас аралығында – 8 жағдай анықталды. Ал ересектер арасында 2 адам ауырған, – деді Сәуле Слямғазина. 
Анықталғандай, аймақта екпе алмаған балалардың жалпы саны 93-ке жетті. 
- 1 жасқа дейінгі балалардың (АКДС3+Hib3) 83,7%-ы (6465 бала), 1 жасқа толған бүлдіршіндердің (АКДС4+Hib4) 44,5%-ы (7338 бала), 6 жастағы балалардың (АбКДС) 80,6%-ы көкжөтелге қарсы иммундаудан өтті. Олардың басым бөлігі қажетті екпелермен қамтылған. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы мақсатында профилактикалық екпелерді уақтылы алу қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда, –  дейді спикер. 
Естеріңізге салсақ, былтыр облыста көкжөтелдің 3 жағдайы тіркелген еді, оның барлығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив