A+ A A-

talgatzhan 32 5-12-2024, 17:45 0

ШҚО-ға Германиядан 255 бас асыл тұқымды ірі қара әкелінеді

Бүгін / ШҚО

2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру жөніндегі бағдарлама іске қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


Осыған сәйкес Шығыс Қазақстан облысына 6 сүт-тауарлы фермасын салу және реконструкциялау үшін республикалық бюджеттен 10 миллиард теңге қаражат бөлінді.

Қазіргі уақытта оларды салу және реконструкциялау жұмыстары аяқталуда, қажетті жабдықтармен малдар сатып алынды.

«600 басқа арналған жұмыс істеп тұрған сүт-тауар фермасын кеңейту» бағдарламасының жобаларының бірін іске асыру мақсатында «Средигорное-2» ЖШС Германиядан симменталь тұқымды 350 бас ірі қара малын сатып әкелуді жоспарлап, қазіргі уақытта 95 бас құнажындар әкелінді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Германиядан тағы 255 бас асыл тұқымды малдар тиісті карантиндік іс-шаралардан өткеннен кейін әкелінетін болады.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив