Алтай ауданының тұрғыны 64 жасында алғаш рет ресми құжатқа ие болды, – деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол 1978 жылдан бері тек ескі үлгідегі төлқұжатты пайдаланып келген. Алайда тұрақты жұмысқа орналасу үшін жеке басын растайтын құжаттың қажет болды.
Осылайша, полиция қызметкерлері туу туралы куәліктің және орта мектепті бітіргендігі туралы анықтаманың көшірмесін қоса алғанда, қажетті құжаттарды жинауға көмектесті. Бұдан кейіг көші-қон қызметі азаматқа Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын анықтама берді. Енді ол осы құжатпен ХҚКО-ға жүгініп, жеке куәлігін ала алады.
Пікірлер