A+ A A-

talgatzhan 31 29-01-2025, 20:20 0

Риддерде үздік жұмысшылар марапатталды

Бүгін / Риддер

Риддерде «Туған жер – алтын бесігім» бағдарламасы қайтадан жанданып, Жұмысшы мамандықтар жылы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Риддер қаласында жұмысшылар еңбегінің маңыздылығын танытуға, мамандықтардың беделін арттыруға және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мамандардың рөліне арналған Жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара шеңберінде қала мен аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың үздік өкілдері марапатталды.

Марапатталғандар арасында:

Устинович Елизавета Сергеевна-Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал»  ШЖҚ-ғы КМК ағынды суларды тазарту құрылыстарының операторы;

Задонцев Виктор Викторович - «Эталон» ЖШС жүргізушісі;

Манвайлер Галина Сергеевна - «Казцинк» ЖШС Шығыс Қазақстан тау-кен байыту кешенінің Риддер-Сокольный кенішінің, Риддер қаласының өнеркәсіптік алаңының жобалау-конструкторлық қызметінің бастығы;

Валуйских Игорь Егорович-«Л-ТВК» ЖШС электр және газбен дәнекерлеушісі;

Ногосбаев Фарид Саматович-ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Риддер қаласының Орман шаруашылығы Журавлиха орманшылығының басшысы;

Акстютич Борис Александрович - «Риддер қаласының Шығыс жылу» ЖШС турбиналық цехының ауысым бастығы;

Сейітқали Алмас Советқалиұлы-Риддер қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі;

Жуков Сергей Владимирович-Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Пихтовский орман шаруашылығы Бутаковский орманшылығының орманшысы бар.

Марапатталғандардың әрқайсысына жоғары кәсіби құзыреттілігі мен қоғамның дамуына қосқан үлесі жазылған естелік грамота табысталды:

Риддер тұрғындары үшін арнайы ұйымдастырылған «Туған жер – алтын бесігім» бағдарламасын қайта өткізу мерекеге көңіл-күй сыйлады. Жарқын қойылымдар, туған өлкеге деген жылулық пен мақтаныш сезімі керемет әсер берді.

Қала әкімдігі барлық еңбек ұжымдарына, кәсіпорындарға және қала тұрғындарына өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Биылғы жыл жаңа жетістіктер, кәсіби өсу және жұмысшылар еңбегінің маңыздылығын танудың керемет сәтіне айналсын!

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив