Предгорное ауылында май зауытының аумағында қауыз бен ұн түйіршіктеу цехы отқа оранды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Түтін 4-ші қабаттан 6-шы қабатқа дейін тарады.
Мекеме қызметкерлері ғимараттан уақтылы шығып кетті.
ШҚО ТЖД мамандары 50 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.
Объектінің негізгі жабдықтарына зиян келген жоқ.
Пікірлер